Жарнама
Жаңалықтар

Бар жақсылықтың бастауы

Маусымның  20-22-сі  аралығында облысымызға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мен қоғам қайраткері Елена Тарасенко келген болатын.

бар жақсылықтың бастауы

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болған  меймандар сапар мәні мен маңызын әңгімеледі. Бұдан соң  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесті. ЕҚЫҰ-мен (ОБСЕ) бірлесіп, «Әлеуметтік саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Семинарда EҚЫҰ бағдарламалар офисінің Астана қаласындағы елшісі Дьердь Сабо сөз сөйледі.

Ұлттық комиссия басшылары өңірдегі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы негізінде жас ұрпаққа беріліп жатқан ұлттық тәрбиеге баса мән берді. Облысымыздағы іскер әйелдер қауымдастығы   мүшелерімен жүздесіп, емен-жарқын әңгіме жүргізді. Алда тұрған келелі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар,  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Оны облыс әкімінің орынбасары, аталған комиссияның төрайымы Айгүл Әжіғалиева ашып, жүргізді.

Облыстағы аудан әкімдері және олардың орынбасарларымен селекторлық режимде өткен отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды: бірі – ұрпақ тәрбиесінде рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыруда білім беру және мәдениет ұйымдарының рөлі, екіншісі – әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке жәрдемдесу туралы. Бұл мәселелер бойынша облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының  міндетін  атқарушы Балдай Өтеғалиева баяндама жасады.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары  – Ләззат Жаңылысқызы мен Елена Ивановна көтерілген мәселелерге орай өз ойларын қосып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Бұдан соң аталмыш топ әйел- кәсіпкерлер басқаратын бизнес нысандары – Махамбет ауданындағы «Сарайшық» ЖШС асыл тұқымды ешкі сүті мен ешкі өнімдері өндірісінде, «Caspiy Lana Atyrau» жүн бұйымдарын жасау фабрикасында, жекеменшік «Ақниет» балабақшасында, «Мега Фитнес»  спорттық-сауықтыру орталығында болды.

Лиза Сейтімова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button