Жеңгесі қызымды зорлады деп өтірік жала жапқан жігіт ақыры сотталып кетті

Жаңалықтар

Жамбылда «туған қайнымды жалған жаламен түрмеге жаптырдым» деген Жұлдызхан Баймағанбетованың шағымы қанағаттандырылмады. 11 жасар қызына азғындық әрекет жасады деген Әйбек Құтылмұратовқа сот соңғы үкімін оқыды деп хабарлайды 31 арна. 

pogudx7d9ubpje7ea.53213653

«Мас болып келген қайнымды тек сабасына түсіру үшін тәртіп сақшыларын шақырдым, алғашқы арызымның арты абақтымен аяқталатынын білмедім», – дейді жеңгесі. Ол тергеушіге берген түсініктемесінде қайнысына қыз зорлады деген айып таққан.

Кейін бұл ауыр айыптауларды  тәртіп сақшылары күштеп жаздыртты деп, жазған арызын жоққа шығарған еді. Алайда бұл әрекетінен түк шықпады.

Сот Әйбек Құтылмұратовты айыпты деп тапты. Яғни азғын ағасының қызымен жыныстық қатынасқа түспегенмен, әрекеттенген. Бүлдіршіннің іш киімінен табылған ер адамның ұрығын сараптамада растапты. Осылайша, сот 15 жылға  жаза кесіп, қатаң режимдегі түзету колониясына жіберді.

«Аталмыш іс бойынша заңның талабы қатал. Сондықтан сот қылмыскердің жазасын жеңілдететіндей себеп таппады. Ал жалған куәлік еттім деген жеңгесінің сөзі, туысын ақтап алудың әрекеті ғана. Болмаса зорлық көрген бүлдіршіннің өзі жағдайдың қалай болғанын айтып берген. Тіпті мұндай азғындық әрекет бірнеше мәрте қайталанған болуы мүмкін», – деп мәлімдеді судья  Нұрмұммат Абидов. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз