Жарнама
Жаңалықтар

Бақытты ел – бақытты отбасы

Атырау облысы полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімі «Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы аясында Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізді.

54a4e7f8 7b69 46e4 8c5c 324658e1f07d

Жиынның негізгі мақсаты ардагерлердің өмірлік тәжірибесін жас қызметкерлерге жеткізу, отбасы құндылықтарын дәріптеу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған пікір алмасу болды.
Кездесу барысында ардагерлер қызмет жолындағы естеліктерімен бөлісіп қана қоймай, отбасы татулығын сақтаудың мән-маңызына тоқталды. Олар ажырасуға жол бермеу, ер мен әйелдің өзара сыйластығы, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау сынды тақырыптарда ақыл-кеңестерін айтып, жас буынға өнегелік бағыт-бағдар көрсетті.
– Отбасы қоғамның берік іргетасы. Әрбір шаңырақта сыйластық пен түсіністік салтанат құрса ғана елдің іргесі мығым болады. Сол үшін әркім ең алдымен өз үйінде татулық пен мейірімділікті сақтай білуі керек, — деді полковник Раиса Айтжанова.
Сонымен бірге, Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлім инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасыдағы сыйластық пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте атап өтті.
Бұл бастама – қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтып, келешек ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button