Жарнама
Жаңалықтар

Бақыт – балалы үйге қонады

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Президент Жарлығына сәйкес атыраулық бір топ ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды. Оны награда иелеріне Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов табыс етті.

screenshot 14 5
screenshot 19 1

– Халқымыз аналарды «бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді» деп ерекше құрметтеген. Отбасылық құндылықтарды жоғары қойған алтын құрсақты ананың тағылымды тәрбиесінің арқасында мемлекеттің абыройы асқақтайды. Қазір­гі таңда бала­ны дұрыс тәрбиелеу – ең бірінші мін­дет. Тәуелсіз елдің саналы ұрпақ­тары ертеңгі еліміз­дің үмі­тін ақ­тай­тын аза­мат­тар болсын деп ті­лей­мін, — деген Нұржан Мақсотұлы, бұл қошемет мемлекеттің әйел-аналарға әрдайым көңіл бөліп отырғандығының айғағы екендігін атап өтті.

screenshot 18 2

Мерекелік бағдарламаға ұласқан шарада ыстық ықыласқа кенеліп, құшағы гүлге толған асыл аналар арнайы ілтипат білдірген жергілікті билік өкілдеріне риза екен. Соның бірі – «Алтын алқа» иегері Анаргүл Бермағамбетова «Бақыт – балалы үйге қонады. Ендеше бақытты отбасының ұландары – тәуелсіз елдің болашағын жалғайтын тірегі» деген пікірін білдірді. Алтын құрсақты ана жарқын болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік берген мемлекеттің қолдауына дән риза.

screenshot 16 4

Айта кетейік, бұл күні Атырау қаласы бойынша 11 ана «Алтын алқа» және 49 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button