Жарнама
Жаңалықтар

БАҚ өкілдері боулингте бас қосты

Атырау облыстық бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен жылдағы дәстүр бойынша жаңа жыл қарсаңында БАҚ өкілдері боулингте бас қосты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Клуб төрағасы Жанай Амантурлин кездесу маңызына тоқталып, іс шараны ашқан соң облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұқамбетов құттықтап, Астана телеканалының тілшісі Базаргүл Ізімоваға Х.Доспанова атындағы медальді тапсырды. Сондай ақ облыстық мәслихат депутаттары Айбар Ерекешов, Бақыт Каметов, «Светланд -Ойл» ЖШС компаниясының директоры Жеңіс Әбілқарес, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Қадыржан Арыстан барша қатысушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алғыс хат тапсырды.

07b6e463 a9fb 4fba 902e 36807f4992bd

Қызықты ойынға 5 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті. Ойын соңында көп ұпай жинаған командалар мен жеке ойыншыларға кубоктар мен алғыс хаттар тапсырылды.

584f1084 68fd 4434 833f 42b157ff02ad

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button