БАҚ өкілдері арасында байқау жарияланды
Елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттайтын үздік жарияланым үшін республикалық және қалалық БАҚ өкілдері арасындағы байқау
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелері
1. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбына арналған үздік жарияланым үшін республикалық және қалалық БАҚ арасындағы байқау (бұдан әрі – Байқау) Астана күніне орай Астана қаласының дамуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым, репортаж және сюжет авторларын ынталандыру мақсатында өткізіледі.
- Байқау мақсаттары:
— мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –
БАҚ) өкілдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастықты дамыту;
— Астана қаласы мемлекеттік органдарының қызметін, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамалары мен ұлттық жобалардың жүзеге асу барысы туралы тақырыптарды жариялауға журналистердің назарын аудару;
— Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Астана жұртшылығын хабардар ету.
3. Жеңімпаздарды анықтау және номинацияларды марапаттау байқаудың Ұйымдастыру комитеті анықтайтын Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
4. Конкурстық комиссия 5 адамнан құралады: олардың құрамына еліміздің және қаламыздың медиа саласының дамуына айтулы үлес қосқан белгілі медиаменеджерлер, журналистер және қоғам қайраткерлері кіреді.
5. Конкурстық комиссия номинациялар бойынша жеңімпаздарды таңдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
— материалдардың объективтілігі;
— қозғалатын мәселелердің және оларды шығармашылық талдаудың тереңдігі;
— материалдардың қоғамдық резонанс туғызуы;
— материалдардың шығармашылық тұрғыда өміршеңдігі.
6. Байқауды өткізу бойынша үйлестіру жұмыстары байқаудың Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Оның құрамын «Астана қалалық коммуникациялар қызметі» КММ басшысы бекітеді.
7. Осы Ереже барлық мүдделі тұлғалардың танысуы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
- Байқауға қатысу шарттары
1. Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ-та республикалық және қалалық деңгейде жұмыс істейтін журналистер, сондай-ақ, штаттан тыс тілшілер шақырылады.
2. Байқауға қатысу үшін қаланың дамуына арналған қоғамдық-саяси тақырыптағы материалдар қабылданады.
Байқауға 2022 жылдың 1 маусымынан 2023 жылдың 16 маусымына дейінгі аралықта жарияланған және эфирге шыққан барлық жанрдағы материалдар қабылданады.
3. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар;
3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;
4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер;
5) «Үздік мобилограф» – мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;
6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер;
7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады.
4. Баспа материалының көлемі газеттің 1 бетінен, мобилографтың бейнематериалының ұзақтығы – 1 минуттан, телесюжеттің ұзақтығы – 5 минуттан, фотосюжет 3-5 суреттен (көлемі – әрқайсысы кемінде 5 мегабайт, сапасы RAW, JPEG ) аспауы керек.
Байқауға қатысатын жұмыстар номинациясы көрсетіліп, жарияланғанын/эфирге жіберілгенін, сондай-ақ, басылымның атауын, жарияланған/эфирге шыққан күнін растай отырып, автор туралы (қысқаша өмірбаян) ақпарат пен 3х4 фотосуретімен және байланыс деректерімен бірге ұсынылуы тиіс.
Аудиовизуалды (теле-, бейне-, фото-) жұмыстар (cd/dvd, флэшкалардағы) көшірме түрінде эфирлік анықтамалармен қоса ұсынылады.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
5. Байқау жұмыстарының материалдарына қойылатын талаптар:
1) «Үздік журналист-сарапшы» – өтінімге мерзімді баспа басылымында жарияланған материал қоса беріледі. Номинацияда мәселенің көпқырлы талдануы, материалда көтерілген мәселелер бойынша автор көтерген тұжырымдардың практикалық қолданылуы және эксклюзивтілігі бағаланады;
2) «Үздік шолушы» – өтінімге ақпараттық интернет-ресурста жарияланған материал қоса беріледі. Номинацияда елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер еткен жекелеген оқиғалар детальдарының ашылуы мен сапасы бағаланады;
3) «Үздік радиорепортаж» – радиостанцияның қызметін сипаттайтын жобалар, бағдарламалар, авторлар және өзге де персоналдар, оқиғалар мен маңызды фактілер көрсетілген PowerPoint немесе PDF форматындағы станцияның паспорты қоса ұсынылған хронометражы 30 минуттан аспайтын эфирден өткен mp3 форматындағы аудиофайлдар. Номинацияда аудиторияның қамтылуы, кәсібилігі, дыбыс сапасы, тақырыптардың ашылуы, радиобағдарламаларға қызықты спикерлер мен қонақтардың қатысуы, радиостанцияның интернет нұсқасының болуы, радиостанцияның әртүрлі рейтингтерге қатысуы, трансляцияланған музыканың (мақсатты радиостанция жағдайында, радиостанция мәлімдеген тармақтарға сәйкестік) өзектілігі бағаланады;
4) «Үздік телесюжет» – телеарнаның қызметін сипаттайтын жобалар, бағдарламалар, авторлар және өзге де персоналдар, оқиғалар мен маңызды фактілер көрсетілген PowerPoint немесе PDF форматындағы станцияның паспорты қоса ұсынылған хронометражы 30 минуттан аспайтын эфирден өткен mp4 форматындағы бейнефайлдар. Номинацияда аудиторияны қамту, кәсібилік, тақырыпты ашу, қызықты спикерлер мен қонақтардың телесюжетке қатысуы, телеарнаның интернет нұсқасының қолжетімділігі, телеарнаның әртүрлі рейтингтерге қатысуы, сондай-ақ телесюжетте көрсетілген оқиғаларды жариялаудың сапасы мен объективтілігі бағаланады;
5) «Үздік мобилограф» – өтінімге әлеуметтік медиада жарияланған материал қоса беріледі. Номинацияда аудиторияны қамту (реакциялар саны), кәсібилік, аудио және бейне сапасы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, қаланың мәдени және географиялық ерекшеліктеріндегі елорданың рөлі тақырыбының ашылуы бағаланады;
6) «Үздік фоторепортаж» – өтінімге фотосуреттерге және оның JPG, JPEG форматында жарық көрген ресурсына толық қолжетімді болатын белсенді сілтемесі қоса беріледі. Егер фотосурет баспа БАҚ-та жарияланған болса, газет/журналдың сканерленген нұсқасын ұсыну қажет. Номинацияда сюжеттің бірегейлігі мен тақырыптың ашылуы, фотосуреттің қабылдануы мен эмоционалды толымдылығы бағаланады;
7) «Астананың әлеуметтік медиадағы 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік медиадағы үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер өтінім бере алады. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімге PDF форматындағы жаңалықтар беті туралы презентация қоса беріледі. Номинацияда жарияланатын материалдардың жиілігі мен өзектілігі, оқырмандардың географиялық және сандық қамтылуы, материалдарды беру форматы, мультимедиялық материалдарды пайдалану, жарияланымдар сапасы бағаланады. Өтінім беруші материалын статистикамен бірге жолдайды (жарияланым аналитикасы: қаралым саны, аудиторияны қамту).
6. Бір қатысушы бір материал ғана ұсына алады және бір ғана номинацияға қатыса алады.
7. Байқауға Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған (балағат сөздер, адамның қадір-қасиетін түсіретін, саяси, діни, ұлттық алауыздықты қоздыратын және т.б. теріс сипаттағы мәлімдемелер мен әрекеттер) элементтері бар жұмыстарға қатысуға жол берілмейді.
8. Жұмыстар 2023 жылғы 16 маусымға дейін (16 маусымды қоса алғанда) қабылданады. Хабарландыруда өтініштерді қабылдаудың пошталық және электронды мекенжайлары, анықтамалар үшін байланыс телефондары көрсетіледі.
Байқаудың тақырыбына, талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ қабылдау мерзімі өтіп кеткен соң келіп түскен материалдар байқауға қатыстырылмайды. Байқауға жіберілген материалдар авторға қайтарылмайды.
Байқауды ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: тел. 8(702) 407-52-82; эл пошта: sluzhbakommunikatsiy@mail.ru
- Байқаудың кезеңдері
1. Байқау алдындағы кезең.
Байқау өткізу туралы хабарландыру мен осы Ереже республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2. Байқаудың негізгі кезеңі.
Конкурстық материалдарды байқаудың Ұйымдастыру комитеті 2023 жылғы 16 маусымға дейін (16 маусымды қоса алғанда) қабылдайды. Конкурстық өтінімдерді қарау регламентін Конкурстық комиссия айқындайды.
3. Қорытындылау.
Байқауға қатысушылар арасынан 7 номинация бойынша 1, 2, 3-орын жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталатын болады.
- Конкурстық материалдарды бағалау және іріктеу тәртібі
1. Байқау материалдарын бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі, жаңалығы, техникалық сапасы, авторлық тұжырымдаманың тәуелсіздігі, жарияланымдағы/аудиовизуалды жұмыстағы ақпараттың дұрыстығы мен сенімділігі, белгіленген талаптарға сәйкестігі, журналистиканың этикалық принциптері, сыртқы дизайн.
- Ұйымдастыру комитеті
1.Ұйымдастыру комитеті:
— байқау туралы осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда үміткерді байқауға жіберуден бас тартады;
— барлық өтінімдердің критерийлерге сәйкестігін қарайды және өткен өтінімдерді конкурстық комиссияның қарауына береді.
2. Ұйымдастыру комитеті міндетті:
— барлық қатысушыларға бірдей жағдай жасауға;
— конкурстың жариялылығын қамтамасыз етуге;
— конкурс нәтижелері туралы ақпараттың мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге.
- Конкурстық комиссия
1. Конкурстық комиссия байқауға түскен жұмыстарды қарайды, байқау жеңімпаздарын анықтайды.
2. Конкурстық комиссия міндетті:
— барлық қатысушыларға бірдей жағдай жасауға;
— конкурс нәтижелері туралы ақпараттың мерзімінен бұрын жариялануына жол бермеуге.
3. Конкурстық комиссияның мүшесі байқауға қатысуға жіберілмейді.
4. Конкурстық комиссия отырысқа қатысқан оның мүшелерінің
көпшілік даусымен тиісті шешім қабылдайды.
5. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы
қабылданады.
Комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
1. Байқауға қатысушылар мыналарға құқылы:
— байқаудың шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
— осы Ереженің тармақтарын түсіндіру үшін Ұйымдастыру комитетіне жүгінуге;
— байқауға қатысу үшін материал жіберуге.
2. Байқауға қатысушылар міндетті:
— байқау шарттарымен алдын ала танысуға, байқауға қатысу талаптарын зерделеуге;
— осы Ереженің талаптарына сәйкес дайындалған материалдарды уақтылы беруге;
— осы Ережеде көзделген ережелер мен рәсімдерді сақтауға.
3. Байқауға қатысушылар мынадай жағдайларда байқауға қатысудан шеттетілуі мүмкін:
— материалдарда, сондай-ақ түйіндемелерде көрсетілген ақпараттың сенімділігіне қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
— осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелерді және рәсімдерді сақтамағаны үшін.
8. Марапаттау рәсімі
- Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың шілде айының бірінші онкүндігінде Астанада өтеді.