Банк алты жедел жобаны қаржыландырды
Шымкенттің мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта құру тәрізді жобалар қаржыландыруға ілікті. Бұл туралы «Қазақстан даму банкі» АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
— Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 346 млрд. теңге сомасынлағы алты жоба қаржыландырылады. Бұдан өзге тамақ өнеркәсібі мен мұнай өңдеу жобасы банк сараптамасының қарауында», — деді басқарма төрағасы.
Оның мәлімдеуінше, биылғы жылы 350 млрд. теңге сомасы шамасында жобаларды несиелендіру жоспарлануда.
— Биылғы жылы «Қазақстан даму банкі» индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде түрлі сатыда тұрған 759,6 млрд теңге жалпы сомасындағы 12 әлеуетті жобадан қоржын дайындалған. Жалпы алғанда, көлік құрастыру, химия өнеркәсібі, мұнай химиясы, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру салалары тәрізді жобаларға 312,6 млрд. теңге қаржыландыру сұралған болатын, — деді Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, биыл «Қазақстан даму банкі» қызметінің бастапқы басымдылығы тәуекел менеждментін жетілдіру болмақ. Өйткені, алдағы 2018 жылы Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда аталмыш банктің ақпараттық аштықтығына аса мән беруде. Жобалар туралы ақпараттар мен ережелерді http://www.kdb.kz ресми сайтынан алуға болады.