Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Балық шаруашылығын дамыту — басты міндет

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл. Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындармен есептік кездесуде балық шаруашылығының дамуы мен браконьерлікпен күрес шараларының маңыздылығына назар аударды. 

2019 жылы Жайық өзеніне 7,5 млн бекіре тұқымдас балықтардың шабағы жіберілді. Бекіре зауытының жұмысы бағалы балық қорының өсіп-өнуін сақтауға көмектеседі. Өткен жылы өңірде 15 464 тонна балық аулауға квота бөлінді. Квота  көлемі 84,7%-ке игерілді. Биыл бұл көрсеткішті 95%-ке жеткізу жоспарланып отыр. 

М.Досмұхамбетов балық шаруашылығы басқармасына  экономиканың осы саласына назар аударуды тапсырды. Бұл жұмыста браконьерлікпен күрес маңызды рөл атқарады. Осы міндетті Мемлекет басшысы да Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жүктеді. 

—  2019 жылы браконьерлік деректері бойынша 1500-ге жуық әкімшілік және қылмыстық іс көтерілді. Сот арқылы 287 адам жауапкершілікке тартылды,-деп атап өтті облыс әкімі.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button