Жаңалықтар
Балық аулауға рұқсат!
Атырау қалалық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы шаһар тұрғындары мен қонақтары үшін ертеңнен бастап, яғни, 16 маусымнан бастап Жайық өзенінен әуесқой балық аулау маусымы ашық деп жариялайды.
Инспекция басшысы Нұрлан Иманғалиев балықшыларға бұрынғы ережелерді ұмытпауларын ескертеді. Айта кетейік, аулау құралы бес қармақтан аспауы тиіс. Сол сияқты, балықты бес келіден артық аулауға тыйым салынады. Бұдан бөлек, түнгі мезгілде және су тоғандары, шлюз, көпір үстінен балық аулауға болмайды.
А.ШАМАР.