Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Балалы бола алмай жүргендерге жақсы жаңалық бар!

Биыл Атырау облысында «Аңсаған сәби» жобасымен ЭКҰ арқылы балалы болуға 233 квота бөлінген. Яғни, біраз көбейген.

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ЭКҰ-мен сәби сүйгісі келетін аналарға бөлінетін квота саны көбейген. Мәселен, 2018 жылы – 29, 2019 жылы – 30, ал, 2020 жылы аналарға 37 квота берілген.

«Әр отбасы үшін сәбидің дүниеге келуі – шексіз бақыт. Алайда, отбасының бәрі бірдей бұл қуанышқа бөлене алмайды. Дегенмен, ЭКҰ тәсілімен сәбилі болу мүмкіндігі бар. Осы орайда мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасына бөлінетін квота көбейіп келеді. Былтыр Атырау облысында тұратын аналарға экстракорпаралды ұрықтандыру (ЭКҰ) үшін «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 232 квота бөлінген еді. Бұл квота толық игерілді. Ал, аталған жобамен сәби сүюді аңсап жүрген аналарға 233 квота бөлініп отыр. Өйткені, біздің облыста да бедеулік диагнозымен тіркелген әйелдер саны азаяр емес. Қазір осындай 840 әйел тіркеуде тұр», -дейді репродуктолог-дәрігер Гүлнар Есқайырова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button