Жарнама
Жаңалықтар

Балаларға арналған ертеңгіліктер басталды

Атырау қаласындағы «Достық» үйінде«Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі«Жастар қанатының» ұйымдастыруымен жаңажылдық ертеңгілік өтті. Мерекелік кешке М.Ломоносов атындағы мектептің оқушыларыбелсене қатысты. «Біз жаңа жылды тойлаймыз!» тақырыбында арнайы дайындалған қойылым көрсетіп, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

«Қуанса, бала қуансын», «Берсең, балаға бер» демекші, баллалардың бақытты балалық шағына ерекше ден қою мақсатында ұйымдастырылған жаңажылдық іс-шараның ұйымдастырушыларының бастауында аталған этномәдени бірлестіктің тәлімгер-ұстаздары Земфира Романова, Рафида Тултаеваның орны зор. 

ddfd06e2 ee5d 494c 8d79 f3578fd08381

Сондай-ақ «Жастар қанатының» белсенді мүшелері Алина Валиева, Линар Мубаракшаев, Иралия Кузиева, Руфия Сабирова белсенділік танытып, балаларға қыс мезгілі тақырыбында түрлі ойындар ұйымдастырды. Балалардың ойлау қабілетін жаттықтыру мақсатында бірнеше жұмбақ жасырып, олардың көңілін бір серпілтіп тастады.

46ed4ca2 ee56 41c1 b6be 55fcc2e33d36

Оқушылар да өз өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан жаңажылдық сыйлықтар алды. Ертегі әлеміне енген кейіпкерлерімен бірге ән салып, би билеп, естелік суретке түсті. Жаңажылдық ертеңгілікте 40-қа жуық бала қамтылды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button