БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН

Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінде «Ризашылық – Добро во благо детям!» атты қайырымдылық шарасы өтті. Оны балалар үйінің басшысы Сәния Мусиева жүрекжарды лебізімен ашты.

 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова,  қалалық білім бөлімінің басшысы  Нұрсәуле Сайлауова, Атырау мұнай және газ институты профессоры Нұрсұлу Бағытжанқызы, Атырау бизнес және құқық колледжі психологы Жанна Қуанқызы, «Қазақстан Халық банкі» маманы Назымгүл Сағынғалиева, басқа да демеушілер келіп, тілегін білдірді.

Шара барысында  концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балаларға арнап түрлі  тәттілерге толы дастархан жайылды. Одан соң балалар мұз айдынында көңіл көтеріп, «Ақ желкен» шығармашылық орталығында көркемсуреттер мен «Ұлттық валюта – Теңге»  атты көрмені тамашалады.

Облыс әкімі атынан балаларға түрлі түсті теледидар, қалалық білім бөлімінен қабырғаға сурет, мұнай және газ институты кітаптар, мұз айдыны  ұжымы үтіктер мен фотоаппарат, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  университеті  фотоаппарат,  «Сулпак» сауда орталығы шаңсорғыштар, №5 орта мектеп түрлі түсті  теледидар, басқа да мекеме-ұйымдар өздерінің сый-сияпаттарын ұсынды.

Ғ.ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз