Балалар ауруханасында ойын бөлмелері ашылды
Атырау облыстық балалар ауруханасының бес бөлімінде балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Ауруханадағы балалар ойын бөлмесін «Бертлинг Казах Лоджистик» компаниясы қайырымдылық жобасы аясында жүзеге асырған. Ойын алаңдары толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен оның ішінде, үстелдер, логикалық, дидактикалық көрнекі құралдар және теледидармен жабдықталған.
Ем алушы ата-аналар тарапынан көптеген ұсыныстар түсетіндіктен, аталған ойын алаңдары облыстық балалар ауруханасының травматология, педиатрия, хирургия, неврология, реабилитация және оториноларингология бөлімшелерінде ашылып отыр.
– Балалар ауруханасына өз ұсынысымызды тастап, демеушілікпен ойын алаңдарын жасақтадық. Қазан айында бастау алған қайырымдылық шарасын бүгін толықтай аяқтап, алаңдарды аурухана ұжымына табыстап отырмыз. Мұнда балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып, қолдау білдіруге дайынбыз, — деді компанияның бас директоры Әлия Жақсылықова.
Оның айтуынша, ашылған алаңдардың күрделі жөндеуі мен құрал-жабдықтарына 4 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасы жылына 7 мыңға жуық науқасты қабылдайды. Оның 70 пайызы шұғыл түрде, қалған 30 пайызы жоспарлы түрде түсетіндер.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА
Суретті түсірген Ә.ӘБІЛҒАЗИЕВ
Керемет, КР болашағы үрпағы, не болсада ұрпақ қамы болу керек .Осы мәселені жазып, акпарат құралдарына салып отырған тілшіге мың алғыс .Жаксыны білмек парыз!
Керемет, КР болашағы үрпағы, не болсада ұрпақ қамы болу керек .Осы мәселені жазып, акпарат құралдарына салып отырған тілшіге мың алғыс .Жаксыны білмек парыз!