Жарнама
Жаңалықтар

Балалар арасындағы буллингтің алдын алатын «DosbolLIKE» бағдарламасы іске қосылды

Атырау облысында балалар арасындағы буллингтің алдын алуға бағытталған «DosbolLIKE» бағдарламасы пилоттық режимде іске қосылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жоба білім беру ұйымдарында буллингке қарсы жүйелі тетік қалыптастыруға негізделген. Бұл мақсатта нормативтік құжаттар әзірленіп, педагогтерге тренингтер өткізіледі,сонымен қатар жанжал жиі туындайтын жерлер анықталып, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Одан бөлек оқушылардың әлеуметтік дағдылары жетілдіріліп, ата-аналарға қолдау көрсетілмек.

-Жоба 2024-2025 оқу жылынан облыстың 9 білім беру ұйымында пилоттық режимде жүзеге асуда. Оларға Атырау қаласындағы №24, №39 орта мектептер, М.Ломоносов атындағы орта мектеп, Махамбет ауданындағы Е.Ағелеуов атындағы орта мектеп, Есбол орта мектебі, Индер ауданындағы С.Сейфуллин, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептер, Құрманғазы ауданындағы Ж.Нәжімеденов және Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептер кіреді. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде сыныптардағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіледі,-деді «Психологиялық қолдау орталығы» КММ басшысы міндетін уақытша атқарушы Шынар Түкенова.

Жоба аясында аталған мектептерден 210 педагог «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбында біліктілігін арттырды. Сонымен қатар 8420 оқушы, 738 педагог, 246 техникалық қызметкер және 4725 ата-ана тартылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button