Құрманғазы ауданында 2 адам газдан уланып, ауруханаға түсті

e1517209573168 Жаңалықтар

Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 адам көмірқышқыл газынан уланып қалды. Оқыс оқиға 28 қаңтар күні, сағат 13:30 шамасында болған.

газ

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Олардың айтуынша, Құрманғазы ауданының Еңбекші селолық округіне қарасты Алсейіт ауылында 1969 және 2008 жылы туған екі азаматша көмірқышқыл газынан уланған. Яғни, үйдің жылу қазаны мұржасының ақауы салдарынан бөлмеге улы газ тараған.

«Бүгінде олар аудандық ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары бірқалыпты»,-дейді мамандар.

Айдос Қарабала

Фото 1news.az сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз