Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Балабақша есепшісі 2 млн.теңгеден астам ақшаны жымқырған

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында «Өркен» балабақшасының есепшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

ФОТО - ВЗЯТКА

Сотқа дейінгі тергеу органдарымен оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-інші бабы, 3-інші бөлігі, 1-інші тармағымен көзделген қылмысты жасағаны, яғни өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айып тағылды.

Сотта анықталғандай, Н.Т. «Өркен» балабақшасында есепші болып жұмыс істеп, 2015-2016 жылдары аралығында ата-аналармен төленген ақшаларды балабақшаның банктегі есеп шотына түгелдей аудармаған. Осылайша ол өзіне 2 345 097 теңгені иемденген.

Тергеу барысында Н.Т. аудан прокурорымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасасты.

Сот үкімімен аталған келісім бекітіліп, келісімге сәйкес оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Рақымшылық жасау актісінің негізінде тағайындалған жаза 2 жыл 6 айға дейін қысқартылып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Айқара Ғұмар

Фото nur.kz сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button