Жарнама
Жаңалықтар

Бала тағдыры – бәрімізге ортақ

Мемлекетіміздің алдына қойған басты мақсаттарының бірі балаларды қамқоршылыққа беріп, жетімдер үйін жабу болғанымен,  өз  ұланынан  тірідей  бас тартатын безбүйрек ата-аналар азаймай отыр. Мәселен, өткен жылы әкесі ата-аналық құқығынан айырылғандықтан,  Құрманғазы ауданындағы  бір  отбасынан бес бала «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйіне» орналастырылған. Өкініштісі де сол, мұндай жағдай бұл ғана емес.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысында жекелеген аудандардағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеумен қатар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру мәселесі қаралған болатын.

Жиында сөз алған облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаевакүні бүгінде мекемеде 47 бала тәрбиеленуде екендігін мәлім етті. Айтуынша, олардың арасында 8 отбасынан келген бауырлас балалар да бар. «Бала асырап алу – адам өміріндегі күрделі, әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Бізге балалы болғысы келетіндердің көпшілігі психологиялық тұрғыда дайын болмай келеді. Сондықтан, олармен бір ай көлемінде дәріс оқып, жұмыс жасаймыз. Және баланы ең бірінші биологиялық ата-анасы мен туыстарына қайтарып беруге жұмыстанамыз. Осы жылы қыркүйек айына дейін алты  тәрбиеленушіні ата-анасымен қауыштырсақ дейміз. Қорғаншылыққа алынған балалардың көпшілігі сол отбасы тәртібіне бірден үйренісіп кете алмайды, сондықтан, ата-ана баланың пікірімен санасып, талабын ескере білуі қажет. Ал, сіңісіп кете алмағандар біздерге қайтып  келеді», — деді ол. 

(Толық нүсқасын газеттен оқи аласыздар).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button