Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

Бала саулығы – басты байлық

Биыл балалар ауруханасында 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 12 жағдайға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстық балалар ауруханасы директорының ұйымдастыру әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Дабысовтың баяндауынша, жыл басынан бері 4 950 науқасқа стационарлық көмек көрсетілді.  Бұл былтырғымен салыстырғанда 25 пайызға төмен. Себебі,  карантиндік жағдайға байланысты жоспарлы және күндізгі стационарға науқастарды қабылдаудың уақытша тоқтатылған кезеңдер болды.  Емделгендердің 30 пайызы жоспарлы түрде ем алғандар болса, 70 пайызына шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді. 

  •  Қабылдау бөлімінде тіркелген науқастардың саны былтырғыдан 15 пайызға төмендеді. Пандемия басталғалы 40 орынды жұқпалы ауруларға арналған  және 5 кереуетті провизорлық бөлімшесі ашылды. Қазір күзгі-қысқы эпидемиялық маусымда сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты және коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде, — деді Е.Дабысов.

Оның айтуынша, аурухана дәрі-дәрмекпен, антисептикалық және жеке қорғаныс құралдарымен, бір реттік қолданылатын қорғаныш костюмдерімен, бетпердемен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілді. Науқастарды тексеру бокстары оқшауланды. Сақтық шараларын сақтау мақсатында таза және лас аймақтарға кіріп-шығуға шлюздар орнатылды. Инфекция жұқтырғандарға арналған бокстар мен изоляторлар ашылды. Ота залы мен реанимациялық кереуеттер қарастырылды. Сонымен қатар, дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі арттырылды. Қауіпті дертке күдік тудырғандардан жедел түрде ПТР тестілеу алынады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button