Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Бақытжан Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін мәлімдеме жасады (+ВИДЕО)

Atr.kz/22-ақпан, 2019 жыл.  Екі жарым жыл Премьер-Министр қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев Президентке сенім артқаны үшін алғысын білдірді.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың үкіметі отставкаға кетті. Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы Президентке алғыс білдіріп, қорытынды видеомәлімдеме жасады.

«Үкімет отставкаға кетті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді», — деп атап өтті Сағынтаев.

Оның айтуынша, мемлекет құру оңай жұмыс емес, жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи мөлшермен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық.

9263326
Экс премьер Бақытжан Сағынтаев

«Елбасы еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады», — деді Үкіметтің бұрынғы басшысы.

Еске сала кетсек, бейсенбі күні кешкісін Ақорданың ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі, кейінірек видеоүндеуі жарияланды.

Дереккөз: Sputnik.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button