Атырауда үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу шаралары жүргізілді

photo 6739 Жаңалықтар

 Атырау облысы бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы 2017 жылы 19530 гектар аймақта химиялық өңдеу шаралары жүргізілді, оның 14170 га итальяндық прусқа, 5 360 га азиялық шегірткеге қарсы өңделді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

photo_6739

Облыста және барлық аудан және қалада жедел әрекет ету штабтары құрылып, химиялық өңдеу шараларының жүру барысын қадағалап отырды. Қызылқоға ауданында биылғы жылы 11000 гектар жерге химиялық өңдеулер жүргізіліп, тиімділігі 87-90 пайызды құрады. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының мамандарымен бірлескен зерттеулер өткізіліп, шекаралар маңында шегірткеден қауіптің жоқ екені анықталды.

Қазіргі таңда улануға жатпайтын, яғни әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес экономикалық зияндылық шегінен аспайтын (1 шаршы метрге 5 дернәсілге дейін) шегіртке зиянкестерінің ұшуы саябырсып, шағылысуға түсе бастаған. Содан кейін олардың табиғи өлуі басталады. Ұшу және шағылысу кезінде дақылдарға зияны тимейді.

Биылғы жылы саяқ шегірткелердің (нестадка) Махамбет, Индер және Қызылқоға аудандарында саны көбейгені байқалды. Облыстық бюджетте қаржы қаралмағандықтан, саяқ шегірткелермен күрес шаруалар есебінен жүргізілді. Қазіргі таңда жалпы Атырау облысы бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары толық аяқталып, шегірткелердің шағылысуы, тұқым салуы бойынша мониторингтік жұмыстар жүргізілуде.

ҚазАқпарат

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз