Жарнама
Жаңалықтар

Байқауға қатысып, баспаналы болды

АСТАНАДА BI GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАЙЫҚТЫ АЗАМАТЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНЫП, ЖЕҢІМПАЗДАРҒА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ. ҚОҒАМДА БЕЛСЕНДІ, ЕЛГЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ҚАРАПАЙЫМ АДАМДАРДЫ ДӘРІПТЕУДІ МАҚСАТ ЕТЕТІН АТАЛҒАН ЖОБА 2016 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ.

Биыл байқауға ел тұрғындары арасынан 50 үміткер іріктелді. Олардың арасынан қазылар алқасы 10 финалисті таңдап, мыңдаған қазақстандық онлайн түрде өз дауыстарын берген болатын. Жеңімпаздар дауыс нәтижесі бойынша анықталды.

Дауыс беру нәтижесінде Гүлназ Қосмұрзиева үздік үштіктің қатарынан табылып, Астананың төрінен бір бөлмелі жаңа пәтерге қол жеткізді.

– Мен үшін бұл жеңіс – ең алдымен еңбегімнің елеп-ескерілгені. Қоғам дамуына қосқан азды-көпті үлесімді бағалап, қолдау білдірген жандарға айтар алғысым шексіз. Әрбір адамның арманы – өз шаңырағына ие болу. Бұл пәтер маған әрі қарай жаңа бастамаларға шабыт сыйлайды, — деді ол қуанышын бөлісіп.

Жеңімпаздарға жаңа пәтерлер Елорданың солжағалауындағы жаңа тұрғын үй кешенінен берілді. Барлық баспана тұруға дайын күйінде тапсырылды.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button