Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

7624238 1 Жаңалықтар

Atr.kz/ 2 сәуір, 2019 жыл. Көктемнің екінші айында қазақстандықтардың өмірін өзгертетін біршама жаңашылдық күшіне енеді.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

1 сәуірден бастап тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек жаңа критерий бойынша төленеді. Әлеуметтік көмек мөлшері 20 789 теңгеге дейін (55 доллар) көтерілді.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрмысы төмен отбасылар тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгінуі керек. Ауылдық елді мекенде тұратындар ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне барады.

Жаңа ереже бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе әкімге жеке куәлікпен ғана барып, көмек алу туралы өтініш жазсаңыз жеткілікті.

Такси жүргізуші чек беруге міндеттеледі

1 сәуірден бастап ресми такси қызметінің жүргізушісінен чек талап етуіңізге болады. Көктемнің екінші айынан бастап олар жолаушыларға фискальды чек беруге міндеттеледі.

Бұл талап қаржы министрінің «Салық төлеушілер Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырғанда, ақшалай есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа сәйкес енгізіліп отыр.

Дизель отынын шығаруға болмайды

Сәуірдің алғашқы аптасының соңында Қазақстан аумағынан автокөлікпен дизель отынын шығаруға тыйым салу туралы бұйрық күшіне енеді. Дизель отынын сыртқа шығаруға жарты жыл уақытқа тыйым салынды.

«Дизель отынын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа энергетика, қаржы министрлері және ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қол қойып, ұлттық экономика министрлігімен келісілген еді.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

«Sputnik Қазақстан» порталынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз