Байқау кеңесі құрылады
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған конкурстық комиссия Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық жедел жердем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесі мүшелігіне іріктеу жариялайды.
Конкурс 2023 жылғы 18 мамыр сағат 11.00-де Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №301 кабинетте өткізіледі.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-ның орналасқан орны және пошталық мекен-жайы: индекс 060005, Атырау облысы, Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 14 А үй, телефон: 8 (7122) 35 40 71.
«Атырау облыстық жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК-ның басты негізгі қызметі болып мемлекеттік лицензия мен оның қосымшаларына сәйкес өмірге (пациенттің және (немесе) айналадағылардың) қауіп төндіретін жағдайлар, жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар кезінде оқиға орнында және жолда ересектер мен балаларға тәуліктік шұғыл медициналық көмек ұсыну болып табылады.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күннен кейін жұмыс күндері қабылданады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2023 жылғы 17 мамыр сағат 18.00-ге дейін комиссияға Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, облыс әкімдігі ғимараты, №300 бөлмеге келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурстық ұсыным салынған конверт Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай рәсімделуі тиіс.
Қосымша ақпараттарды мына телефондар бойынша білуге болады: 8 (7122) 27 09 14.