Атырауда тағы 96 адамнан коронавирус анықталды

unnamed file 23 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 96 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 25-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 65 жұмысшыдан,  Жылыой -2, Қызылқоға-3, Құрманғазы ауданында 1  адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 17- інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 59  адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 287  адам үй жағдайында емделуде. 
Облыстық инфекциялық стационарда  97  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 37,   Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 824 адам оқшауланған.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз