Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтар

«Бәйтерек» ұшу алаңының құрылысы 2022 жылы толығымен аяқталады (+ВИДЕО)

Atr.kz/5 сәуір, 2019 жыл. Байқоңыр инфрақұрылымын салуға Қазақстан 314 млн. доллар жұмсайды.

Бұл туралы ҚР Аэроғарыш комитетіне сілтеме жасап, «Астана» телеарнасы хабарлап отыр. Комитет ақпаратына сүйенсек, сол жылы жаңа зымыранды ғарышқа ұшыру жоспарланған.

«Бәйтерек» кешені — Ресеймен бірлескен жоба. Соңғы бес жылда бұл жоба күрделі өзгерістерге ұшырады. Жоспарға сай ресейлік конструкторлар жаңа буындағы «Союз-5» зымыранын құрастыруы тиіс.

Қазір «Бәйтеректің» техникалық-экономикалық негіздемесі жетілдірілу үстінде. Оны қаржыландыру мәселесі сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ. Комитет өкілдерінің дерегінше, Ресей бұған дейін Байқоңырдан жалға алып келген 223 нысанды Қазақстанға кері қайтарған. Мұның ішінде 50 ғимарат Қызылорда облысы әкімдігіне берілген.

“Atr – Ақпарат”

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button