ЖаңалықтарҚоғам
БАҒА ҚЫМБАТТАСА, ҚАЙДА ХАБАРЛАСУ ҚАЖЕТ?
Атырау облысы тұрғындарына бағаның көтерілуі бойынша қайда жүгінуге болатыны айтылды.
Атырау облысының тұрғындары азық-түлік пен газ бағасының негізсіз көтерілуі бойынша 109 қызметінің call-орталығына хабарласа алады.
Операторлар дүкендер мен жанармай құю станцияларындағы баға мәселесіне қатысты ұсыныстарды 109 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы қабылдайды. Тұрғындар шағымын қалалық және ұялы телефондардан қоңырау шалу арқылы қалдыра алады. Барлық шағымдар бағаны тұрақтандыру шаралары үшін құзырлы органдарға жіберіледі.
Сонымен қатар, 109 нөмеріне өңірдегі жағдай, коммуналдық сала және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қоюға болады.