Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономикаҚоғам

Баға аспандап, азық-түлік тапшы болмай ма?

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласында төтенше жағдай режиміндегі шектеулер күшейтіліп, бас санитарлық дәрігердің қаулысына толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес, ендігі жерде шаһардағы барлық базарлар өз жұмысын уақытша тоқтатты.

«Тек қана азық-түлік дүкендерін тауармен қамтамасыз етіп отырған көтерме сауда қоймалары ғана жұмысын жалғастырады» деп жазылған жаңа қаулыда. Олай болса, бұл жағдайда қала тұрғындары қажетті азық-түлігін қайдан алады? Тауар бағасы шарықтап, азық-түлік тапшылығы пайда болмай ма?

Сонымен, төтенше жағдай 1 мамырға дейін созылды. Күшейтілген карантин кезінде қаламыздағы ірі базарлар әзірге екі аптаға жабылғанымен, шаһар ішіндегі көпшілік баратын әмбебап супермаркеттер мен әр ауладағы шағын дүкендер өз жұмыстарын тоқтатпайды. Бұл сауда орындары халыққа таңғы сағат 9:00 бен кешкі сағат 20:00 аралығында қызметін көрсететін болады.

Сондай-ақ, енгізілген жаңа тәртіпке сәйкес, қала тұрғындары осы шектеу кезінде өздеріне қажетті тауарларды тек өз тұрғылықты жеріне жақын дүкендерден ғана алуларына кеңес беріледі. Бұл шарттың орындалмағаны анықталған жағдайда карантин тәртібін бұзған азаматтарға айыппұл салынады.

ШЕКТІ БАҒА БЕЛГІЛЕНДІ

Бағаны тұрақтандыру туралы мәселе ҚР ПремьерМинистрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның к е з е к т і о т ы р ы с ы н д а талқыланды. Үкімет басшысы бұл жиында өңір басшыларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағадан өсуіне жол бермеуді және өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түліктің қажетті қорын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қоса, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуді міндеттеді.

– Біз аса әлеуметтік маңызы бар 9 түрлі азық-түлік тауарының шекті бағасын бекіттік. Бағаны ұстап тұрудың тиісті тетігі бар. Дегенмен, бірқатар өңірлерде бірден кейбір азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өсуі байқалып отыр. Әкімдіктерге мұндай фактілерге жол бермеуді және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсырамын, — деді Премьер-Министр.

Жоғарыда айтқандай, әлеуметтік маңызы бар тоғыз түрлі азық-түлік тауарына шекті баға белгіленгеніне де көп уақыт болған жоқ. Халық қамы үшін жасалған мұндай игі шешімді Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп қабылдады. Осы бұйрыққа сәйкес Атырау өңірінде 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге шектік баға қойылды. Ендігі жерде аймағымыздағы кез келген сауда орнында бірінші сортты бидай ұнының 1 келісі – 162 теңгеден, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған бидай наны – 164 теңгеден, рожки (өлшеніп салынатын) –216 теңгеден, тазартылған күріш – 275 теңгеден, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1805 теңгеден, тауық жұмыртқасы (1 санатты) – 265 теңгеден, күнбағыс майы – 443 теңгеден, ас тұзы («Экстра»-дан басқа) – 46 теңгеден, қарақұмық жармасы 300 теңгеден аспауы тиіс.

ТӘРТІПТІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

О б л ы с т ы қ а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, аталған тауарлар белгіленген шекті бағадан асқан жағдай анықталатын болса, сауда орнындағы саудагер немесе дүкен иесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 202-тармағына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Яғни, баға өсіргендер 100 АЕК немесе 265 мың теңге шамасында айыппұл төлейді. Мұндай жағдай бір жыл ішінде екінші рет қайталанса, айыппұл көлемі екі еселеніп, 200 АЕК өндірілетін болады.

Облысымызда осы заңбұзушылықтарды анықтау және қадағалау қала және аудан әкімдіктеріне жүктеледі. Осымен қоса, қала тұрғындары аталған 9 түрлі азықтүлік тағамдарының құны көрсетілген шектік бағадан жоғары екенін анықтаса, www. dosmart/kz сайтына ақпарат (дүкен атауы, тауар және сату бағасы, аты-жөні, телефон нөмірі) жіберіп немесе 87017300222 және 87017744484 телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы хабарлауларына болады.

– Біздің қазіргі басты міндетіміз – тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азықтүлік түрлерімен толықтай қамтамасыз ету және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Бұл үшін облысымызда күн сайын мониторингтік бақылаулар жүргізу қолға алынған. Оны қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімдерінің мамандары мен сарапшылары жүргізеді.

Бүгінгі күні қаламыздағы ірі сауда орындарының бәрінде де азық-түлік тауарларының қорлары жеткілікті. Ал, тұрақтандыру қорындағы тауарлар мөлшері азайған жағдайда қосымша азықтүліктер өзге өңірлерден сатып алынатын болады. Осы орайда, бүгінгі күні Атырау және Түркістан облыстарының әкімдері арасында меморандум жасалды. Бұл құжатқа сәйкес, оңтүстік тарап ерте пісетін көкөністерді жуық арада біздің өңірге жеткізетін болады, — деді басқарма басшысы Қайрат Есқабылұлы.

ТАУАР ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ЖОҚ

Сонымен қатар, төтенше жағдай режиміне орай қаламызға кіріп-шығу шектелгенімен, бұл тыйым азық-түлік тауарларын тасымалдаушы көліктерге жүрмейді. Сол себепті, барлық елді мекендерге тамақ өнімдерін жеткізуге және өзге өңірлерден азық-түлік тауарларын тасымалдауға е ш қ а н д а й т о с қ а у ы л қойылмаған. Сондықтан, азық-түлік тапшылығының орнауына ешқандай негіз жоқ екен.

Осымен қоса, «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік к о р п о р а ц и я с ы н ы ң департамент директоры Дмитрий Дюдың айтуынша, қазіргі таңда облыстық тұрақтандыру қорында қалған азық-түліктің мөлшері 125 тоннаны құрайды. Бұл облыс халқын бағасы төмендетілген тауарлармен мамыр айына дейін, ал, ұнмен шілде айына дейін қамтамасыз етуге жетеді. Қордағы пияз өнімінің таусылуына орай, жергілікті шаруа қожалығымен арада тауарды нарықтық бағадан 10 пайыз төмен бағамен сатып алуға екіжақты меморандум жасақталып жатыр.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорына биылғы қор есебінен жуырда қосымша әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынатын болады. Осы мақсатта, облыстық бюджеттен оған қажетті қаржы бөлініпті.
Бүгінгі күні Атырау қаласында 900 шағын дүкен мен 6 азық-түлік базары, 50-ден астам супермаркет, 20 шағын маркет бар екен.

Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда осы сауда орындарына 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шектік бағамен сату жөнінде хабарландыру жеткізіліпті. Яғни, Атырау қаласының тұрғындары ендігі жерде кез келген дүкеннен аталмыш тауарларды белгіленген мөлшерден аспаған бағамен сатып алатын болады. Бұл алдағы күнде баға тұрақтылығына еш алаңдамауға негіз бар деген сөз.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-oblystyq-onkodispanserde-dezinfekci%d1%8flyq-tunnel%d1%8c-ornatyldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button