БҰҰ ӨКІЛДЕРІ – АТЫРАУДА
Облысымызға келген меймандарға құрмет көрсеткен Ғұмар Дүйсембаев оларды Атырау жерінде көргеніне қуанышты екендігін айтты.
— Атырау мұнайлы аймаққа жатады. Бүгінгі күнде еліміз бойынша мұнайдың 40 пайызын өндіріп отырған облысымыз Теңіз кен орнын кеңейтіп, Солтүстік Каспий жобасын іске қосу арқылы бұл көрсеткішті 50 пайызға өсіруді көздеп отыр. Мұнайлы астана саналатын облысымыз Ресейдің Астрахан аймағымен шекаралас орналасқан. Аймақ Каспий теңізі жағалауында орын тепкендіктен өндіріс көлемінің 90 пайыздан астамы мұнай-газ секторы болып табылады, — деп меймандарға Атырау облысын таныстырған облыс әкімінің бірінші орынбасары бүгінгі таңда Атырау ауыл шаруашылығы өнімдері қорымен өзін толықтай қамтып отырғандығын атап айтты.
Ғұмар Ислямұлы БҰҰ өкілдерін облысымызда бүгінде 900 кәсіпорын барын, мұнай және химия, құрылыс индустриясы саласы бойынша инвесторлар тартуда бірінші орынға шыққандығымыз жайында да хабардар етіп, меймандардың келген негізгі мақсаттарымен танысты.
Мәлике ҚУАНЫШЕВА.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.