Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Бүгін, яғни 26 қаңтар күні кімдер дүниеге келген?

ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынды.

20190125161256

ЕСІМДЕР 71 жыл бұрын (1948) Қазақстан фантаст-жазушылары қауымдастығының президенті, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нарбин КЕНЖЕҒҰЛОВА дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекші маманы, Республикалық кітап палатасы директорының орынбасары, Жазушылар одағында көркем аударма және әдеби байланыстар алқасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетінде ұстаздық қызметте болған. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазады. «Мойылқара», «Қиын шешім», «Жерұйыққа саяхат», «Қызыл сәуле», т.б. фантастикалық шығармалар жинақтарында оның әңгіме-повестері жарияланған. Кейінгі жылдары «Дорогу осилит идущий» ғұмырнамалық хикаяты, Т.Айтбайұлынан тәржімалаған «Мың бір түн және мың бір күн» романы жарық көрген. 63 жыл бұрын (1956) Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, Минералды шикізаттарды кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың бас директоры Әбдірәсіл ЖӘРМЕНОВ дүниеге келді. Қазіргі Түркістан облысында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. 58 жыл бұрын (1961) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Алмасбекұлы МӘКЕЖАНОВ дүниеге келді. Жамбыл облысы Мерке ауданында туған. Целиноград инженер-құрылыс институтын, Халықаралық еңбек академиясын тәмамдаған. 1993-1998 жылдары — «Астана-банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақинвест» корпорациясының вице-президенті. 1998-2002 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты. 2002-2004 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі, аппарат басшысы. 2004-2006 жылдары — « Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2006-2010 жылдары — Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. 2010-2016 жылдары — Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде — 2016 жылдың мамыр айынан бастап. 57 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Дархан Қамзабекұлы МЫҢБАЙ дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірді; 2006 жылы Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. 1978-1979 жылдары — Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы. 1985 жылдан — Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік- ҚазТАГ) редакторы, 1986 жылдан — аға редакторы, 1989 жылдан — одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы. 1990 жылдан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі. 1992 жылдан — ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімінің аға референті. 1994 жылдан — «Өркен- Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы. 1996 жылдан — «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице-президенті. 1997 жылдан — Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы. 1997 жылдан — ОҚО әкімінің орынбасары. 2002 жылдан — ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы. 2004 жылдан — ОҚО Түлкібас ауданының әкімі. 2006 жылдан — ОҚО әкімнің орынбасары. 2008 жылдан — ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008-2012 жылдара аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болған. 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры (2013-2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылғы наурыздан бері атқарып келеді. «Құрмет» орденімен (2009); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған. 41 жыл бұрын (1978) Сүлейман Демирель атындағы университеттің президенті Мейірбек Сабырұлы МӘЖИТОВ дүниеге келді. Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Көкшетау мемлекеттік университетінің шетел тілдері факультетін аяқтаған. 2008 жылы КИМЭП магистратурасын «басқарушы кадрлар үшін бизнес-әкімшілік ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. Коммерциялық құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда түрлі басқарушы лауазымдарда болған. 2006 жылы «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері қауымдастығын құруға қатысып, онда Бас директор лауазымын атқарды. Елордалық Кәсіпкерлер палатасын 2013-2015 жылдары басқарды. Астанадағы бизнес-қоғамдастық арасында танымал бірқатар жобалардың бастамашысы болып табылады («Startup Форум», «Астаналық жұмысбастылық форумы» және басқалары). 2015-2016 жылдары ҚР Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы, ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіп палата басшылары кеңесінің төрағасы. Қазіргі қызметінде — 2017 жылдың тамыз айынан бастап. 40 жыл бұрын (1979) Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсұт Рамазанұлы ЖАПАРОВ дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (экономист-менеджер) тәмамдаған. Еңбек жолы: экономика бөлімінің бас маманы, Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қарасай ауданындағы Іргелі ауылдық округінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде — 2018 жылдың қараша айынан бастап. 38 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығының меңгерушісі Ерлан Сатыбайұлы ӘБДАҚАСОВ дүниеге келген. Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заң магистрі (2003); Қарағандыдағы «Болашақ» өзекті білім беру институтын тамамдаған, қаржы бакалаврі (2007). Еңбек жолы: Қарағанды облысы әкімі аппаратының жетекші маманы (2003-2005); Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетінің діни бірлестіктер қызметін бақылау бөлімінің бастығы (2006-2007); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінде сарапшы, бас сарапшы, консультант, хатшылық секторының меңгерушісі (2007-2014); Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары (01.2014-08.2014). Қазіргі лауазымын 2016 жылғы қарашадан бері атқарып келеді. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2012) медальдарымен марапатталған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button