Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Бүгін қандай күн?

Православиелік Рождество мерекесі — христиандардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне орай атап өтіледі. Рождествоны католиктер 25 желтоқсанда, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды.

Дзиндзицу Жапон халқының дәстүрлі мерекесі, жаңажылдық мерекелердің бөлігі саналатын жыл мезгілдерінің ауысуы мерекесі (госэкку), сонымен бірге Жеті шөп мерекесі (Нанакуса-но сэкку) деп танымал. Дзиндзицудың басты атрибуты — «императордың жеті бақытты шөбі» (нанакуса). Нанымға сәйкес, бұл шөптер адамдарға денсаулық сыйлайды.

Есте қалған оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қоймасына асыл металлдардың бiрiншi партиясы — «төрт тоғыздық» және 2 күмiстік сапасымен 5 алтын кесек қабылданды. Мемлекеттік құндылықтар қоймасының тарихы 1991 жылғы 31 тамызда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ ССР алтын валюталы және алмас қорын жасау туралы» Жарлығынан бастау алады.

1992 жылы Француз Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

2006 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны бекітілді. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік Гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

2010 жылы Францияның алдыңғы қатарлы «L’Essentiel des relations internationales» («Халықаралық қатынастардағы ең басты») сыртқы саяси және сараптамалық журналы «Қазақстан — Еуропаның болашағы ма?» деген атаумен Қазақстан туралы 100 беттік қызықты репортаж жариялады.

2015 жылы Қазақстан мен Испанияның бірлесіп түсірген «Забытые в Караганде» (Los olvidados de Karagandá) фильмі 2014 жылдың үздік деректі фильмі  номинациясында жеңімпаз атанып, California Film Awards (Diamond Awards, Documentary Film Competition) гауһар жүлдесін алды. 2014 жылы Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен «Nexos» қауымдастығының өкілдері Карлагта қамалған испандықтар туралы 50 минуттық деректі фильм түсірді. Деректі фильмде Испания азаматтарының Қарлагтағы бастан кешкендері мен сол оқиғалар куәгерлерінің мәліметтері жария етіледі. Бұл адамдар, негізінен, Испания республикалық партиясы мен «Көгілдір дивизияның» өкілдері, елдегі Азаматтық соғыс пен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде олардың әрекеті түрліше бағаланып, мұның ақыры Қазақстандағы саяси лагерьлердің біріне түсуге әкеліп соқты.

Деректі туындыда Қарлагта болғандардың ұрпақтары мен тарихшыларға тұтқындардың жаза өтеген орындары және жерленген жерлері көрсетіліп, азап абақтысынан тірі қалғандар мен жергілікті тұрғындардың сұхбаттары беріледі.

20190106093321

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button