73049139 2543169782570064 4404540553195159552 n

Азия біріншілігінен – байрақпен! (+ФОТО)

Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. Көмірдің отаны Қарағанды қаласында Номад ММА спортынан Азия чемпионаты өтіп, оған Ресей, Иран, Пәкістан, Үндістан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінен 750-ге жуық спортшы қатысты. Құрлықтық бәсекеде ел құрамасының сапында өнер көрсеткен өңіріміздің спортшылары  қанжығаларына   1 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль байлап қайтты.

Сегіз бұрышты алаңда үш күнге созылған тартысты кездесулер нәтижесінде  жерлесіміз Самат Жағпаров барлық бәсекелерінде биіктен көрініп «Азия чемпионы» атанып, алтыннан алқа тағынды. Ақтық бәсекелерінде ғана сүрінген Құлшарап Дүйсенғали, Сұлтанбек Өсербаев, Артур Нұғыманов, Жарқын Теңелбай және Абдуррахман Жағпарлар  күміс жүлдеге ие болды.

Ал, үшінші тұғыр таласында үздік шыққан  Арсен Ризуанов, Ерасыл Амангелді Ералы Өмірбековтер  қола медаль иегерлері атанды. Жарқын жеңіске жеткен жерлестерімізді жарысқа  Берғали Бауыржан, Ибрагим Лұқпанов, Ерман Майлашов, Ануар Батаев, Бердібек Сиражов, Манап Қабдиев сынды  жаттықтырушылар дайындады.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

75226384 2543169532570089 5319480097479065600 n
74224968 2543169645903411 3306667489802321920 n
72786339 2543169445903431 8775969266475204608 n

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған