Әзербайжанда Құрманғазы атындағы орталық ашылды
Мемлекет басшысы Физулиде қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу рәсіміне қатысты.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысты.
Заманауи инновациялық орталық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың атынан бауырлас әзербайжан халқына гуманитарлық тарту ретінде қысқа мерзім ішінде салынды.
– Бұл – Қазақстан халқының тартуы. Менің жеке тапсырмам бойынша аталған сыйлықты жекеменшік BI Group компаниясы бүкіл халықтың атынан шын жүректен ұсынып отыр. Орталық елдеріміз арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайтуға қызмет етеді деп ойлаймын. Сіздерге табыс пен бақ-береке тілеймін. Әзербайжанның осы қасиетті өлкесі қарыштап дами беретініне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті Физули жұртшылығымен әңгімелесу кезінде.