Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

Азат Перуашев: Қазақстан емес, Қазақ республикасы аталуы керек

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан атауын өзгертуді ұсынды.

20181216082939

«Қазақ республикасы» атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз.  Негізінде мұндай бастаманы бес жыл бұрын «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасын талқылау барысында Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Елбасының ұстанымын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын.

Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ  деп өз атымен атауымыз керек. Республикаға тоталитарлық биліктің өзі мойындаған байырғы «Қазақ» деген атауын қайтару тарихи әділдікті орнатып қана қоймай, біздегі әртүрлі ұлт өкілінің бірлігі мен достығының нығаюына әсер етеді»,  делінген  депутат Азат Перуашевтың Премьер – министр атына жолдаған депутаттық сауалында. Оның пікірінше, «Қазақ Республикасы» атауы Қазақстан атауымен ресми түрде қатар қолданылуы қажет.

            Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button