«Азаматтарға арналған үкімет» резервіндегі Атыраулықтардың тағайындаулары басталды

unnamed 1 1 Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резерві жобасының қорытындысы бойынша Атырау облысынан үш үміткер қабылданды.

Соның ішінде кадр резервіне қатысқан екі маман – Бегалиева Шынар мен Аманова Жанаргүлдің лауазымдары жоғарылады. Атап айтқанда, Бегалиева Шынар кадр жұмысы басқармасының уақытша басшысы болса, бөлім супервайзері болған Аманова Жанаргүл, ХҚОжетекшісінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еске сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. Екі мыңға жуық үміткердің арасынан 353 үміткер кадр резервіне қабылданды. Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді.
«Бұл жоба мемлекеттік корпорацияның өз қатарынанбілікті әрі дарынды мамандарды анықтау, корпорацияның жетекші құрамын күшейту үшін жасалған», – дейді Атырау қаласының №3 ХҚО бөлімінің басшысы Ақкенже Махамбетова.
Іріктеуді әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі ескерілді. Осылайша, «Дарындылар пулы» Қазақстандағы кадрлар резервін құру бойынша төртінші ірі жобаға айналды.

Ахметов Бекжан,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
Атырау облысы бойынша
филиалының баспасөз өкілі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз