Жарнама
Жаңалықтар

«ҚАЗАҚТЫҢ ТІЛІ – ОТЫЗ ТІЛДІҢ КІЛТІ»

— Жер бетінде 30-ға жуық түркі тілдес халық бар. Олардың шекарасы, география тілімен айтар болсам, Солтүстік мұзды мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі аралықты қамтиды. Якуттар түркі тілінде сөйлейді. Қазақ тілін сауатты меңгерген адам якутпен аудармашысыз сөйлеседі. Оның бер жағында тува, хакас, алтай тілдері де — түркі тілдері. Қазақстан, Түркіменстан, әрі қарай Түркия, осылардың бәрі — ескі түрік қағанатының ыдыраған кезінде пайда болған мемлекеттер. Яғни, қазақша еркін сөйлейтін адам, тек бір ғана тілді меңгеріп қана қоймай, 30 тілге кілт табады. Солтүстік Кавказда құмық, қарашай-балқар деген халық бар, міне, осылардың бәрімен қазақ тілінде еркін сөйлесуге болады. Сондықтан, Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Әнұран болғанымен, бейресми нышан – мемлекеттің тілі, — деген министр қазақ тіліне жетік өзге мемлекет азаматтарына ризашылығын білдіріп, оқыту орталығындағы топқа 15 томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жеткізетінін айтты. Сондай-ақ, мәртебелі мейман қазақ тілінде 150000 сөз бен сөз тіркесі барын да айтып өтті. 
— Мәселен, 50 000-нан астам сөзі мен сөз тіркесі бар тілді бай тілдер қатарына жатқызады. Қырғыз тілінде 54 000 сөз бар, қазақ тілінде сөздің өзі 102 мың, сөз тіркесімен қосып есептегенде 150 мың, — деген министр тілді дамытуда алда тұрған міндеттерді атап көрсетті.
Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button