ЖаңалықтарЭкологияҚоғам
Қазақстанның батыс аймақтарында алдағы үш күн жауын-шашынды, көктайғақ болуы мүмкін
«Қазгидромет» орталығы 31 қазан — 2 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Демалыс күндері кейбір облыстарда ауа температурасының климаттық нормадан 3-9 ºС-ге жоғары болғаны байқалды.
Мұндай ауа райы жылы ауа массасының Ираннан Қазақстан және Батыс Сібірге ауысуымен байланысты.
Алдағы үш тәулікте жылы, кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы әсіресе оңтүстік және шығыс облыстарда сақталады.
Ал, батыс және солтүстік батыста Ресейдің еуропалық бөлігінен біртіндеп суық және ылғалды ауа массасы келеді.
Сол себепті бұл аймақтарда ауа райы жауын-шашынды, жабысқақ қар жауып, тұманданады, ауа температурасы біртіндеп төмендеп, көктайғақ болады деп болжануда.
Айдос Қарабала
Фото rostov.kp.ru сайтынан алынған