Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында атыраулықтар екі күміс, екі қола медальді иеленді

44yu Жаңалықтар

Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Алматы қаласында  джиу-джитсудан жастар мен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп, осы сынға қатысқан атыраулықтар екі күміс, екі қола медальді иеленіп қайтты.

  Еліміздің әр түкпірінен 200-ден астам спортшы қатысқан жекпе-жек жарысында  69 келіде өнер көрсеткен Нұршат Алеубаев пен аса ауыр салмақта бағын сынаған әлем чемпионы Тыныс Бисалиев ақтық айқасқа дейін еш сүрінбей, финалда ғана есе жіберіп  жеңіс тұғырының екінші сатысынан бой көрсетті. Осы қос спортшымыз сәуір айында Қырғыз елінің Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Ал, ерлер арасында  57 келіде алаңға шыққан Еламан Төреханов  пен жастар арасында 92 келі салмақта жұдырықтасқан Елгиз Байтеміровтер үшінші орынды иемденді.

44

           Сондай-ақ, осы жарыс соңында  республикалық джиу-джитсу федерациясының президенті Қанат Тілеуімбетов былтыр екінші мәрте әлем чемпионы атанған Тыныс Бисалиевке «1-кю қоңыр белбеу иегері» атағын салтанатты жағдайда табыстады.

Tynys1
44yu

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз