ҚАЗАҚСТАНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛДІ
Мұндай өзгеріске төмендегі факторлар себеп болды. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша үстіміздегі жылдың 15 қазаны бойынша Брент маркалы мұнай бағасы барреліне 109,65 АҚШ долларын құрады. Бұдан басқа ДСҰ талаптарына сәйкес, сондай-ақ Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңделген темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімге сәйкес бағыттар түрі бойынша (республика іші, экспорт және импорт) тарифтерді кезең бойынша унификациялау жүргізуге байланысты үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап мұнай өнімдерін темір жолмен ішкі бағытта тасымалдау тарифтері орташа есеппен 44% өсті.
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» 2013 жылғы 24 қазандағы №316-НҚ агенттіктің бұйрығы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерімен келісілген.