Жарнама
ЖаңалықтарЭкологияҚоғам

Қазақстанда Жаңа жыл кешінде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Қазақстанда Жаңа жыл кешіндегі ауа райына қатысты синоптикалық болжаммен бөлісті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«Жаңа жылдық ауа райына келер болсақ, Қазақстанның барлық облыстарында тұрақты әрі жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады. Батыста ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 20 градус, солтүстік аумақтарда 20-25, кей жерлерде 28, шығысында 20-25, кей жерлерде 30 градус, оңтүстікте — 5-10, кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі»,-дейді Ардақ Қалменова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ардақ Қалменова Қазақстанда 28 желтоқсаннан бастап ауа райы тұрақталатынын хабарлаған болатын. Аталған күннен бастап Сібір антициклоны ықпалын тигізіп, ел аумағында ауа температурасы төмендейді.

Айқара Ғұмар

Фото vgorode.ua сайтынан алынған

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button