Қазақстанда қылмыстық процесті жүргізу тәсілдері жетілдірілуде
Бүгінде «Ұлт Жоспары: 100 нақты қадамның» екінші бағытындағы — заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық процесті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Бас прокуратураның, Жоғары Соттың, Әділет министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобымен шет мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу нәтижесінде 5 нақты қадам бойынша кешенді ұсыныстар жасақталды.
Бірінші. Қылмыстық процесте адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуының ұлғайту.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тек қана басқа бұлтартпау шарасын қолдануға болмайтын кезде ғана қабылдау қажет.
Уақытша ұстау абақтысындағы тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану үшін сотқа жеткізу уақытын 48 сағатқа дейін қысқарту (қалған 72 сағатқа дейін мерзім сот процесіне).
Заңды түрде дәлелдемелерді жинау тергелудегі қылмыстық істің шегінен шығармауды нақтылау.
Екінші. Адвокаттардың процессуалдық өкілеттілігін ұлғайту арқылы қылмыстық процестегі жарыссөзді дамыту.
Адвокаттардың процессуалдық өкілеттілігін ұлғайту мақсатында, олардың дәлелдеме жинау өкілеттілігін ұлғайтып және тікелей сотқа тергеу әрекеттерін жүргізу үшін өтінішхат жолдайтын құқығын беру.
Үшінші. Іс жүргізуді оңтайландырып және процестік шығындарды азайту.
Қылмыстық теріс қылықтарды тергеу әдісі әкімшілік іс секілді ерекше тәртіппен қаралуын қамтамасыз ету.
Төртінші. Сотқа дейінгі процесті қадағалауды жүзеге асыру мақсатында соттың бақылауын күшейту.
Айыптау мен қорғауды тең қылу мақсатында, соттың уәкілеттігіне жасырын тергеу әрекеттерін және куәландыруды мәжбүрлеу санкцияларын соттың құзырына беру.
Бесінші. Қылмыстық қудалау органы, прокуратура және соттың уәкілеттіктерін бөлу және қайталанбауын қамтамасыз ету.
Кепіл және үлгілерді алуды санкциялауды прокуратурадан соттың құзырына беру.
Аталған ұсыныс қылмыстық іс жүргізуді айқын өткізілуіне өз ықпалын тигізетін болады.
Қазіргі уақытта заң жобасы жасақталуда.
Айқара Ғұмар