Қазақстанда білім саласындағы 500 мың қызметкердің жалақысы өседі
Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысы өсетінін мәлімдеді.
«Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифференциалды түрде 30 процентке дейін жүзеге асады. Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі деп болжанып отыр», — деді Шәмшидинова үкімет отырысында.
Айтуынша, жалақысы өсетін қызметкерлер қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері, олардың көмекшілері, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар, балабақша мен колледж псиxологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапxанашылар, вожатыйлар, буxгалтерлер, іс жүргізушілер, еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер сияқты басқа да теxникалық қызметкерлер бар.
«Қазіргі кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қызметкерлердің санаттары мен жалақы мөлшерін нақты анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді министр.
Айта кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 процентке көбейтуді тапсырған еді.
Дереккөз: «Sputnik»