20190705215710

Құйынды жел Атыраудағы лагерьдің шатырын ұшырды, 150 бала эвакуацияланды

Жаңалықтар

Atr.kz/8 шілде, 2019 жыл. Атырау облысында құйынды жел сауықтыру лагерінің шатырын жұлып әкетті. 150 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше оқиға балаларға арналған «Тұлпар» сауықтыру лагері орналасқан қала маңындағы Бесікті ауылында болды.

34a60318 4e52 4daa 8ecc 25c1172e5e92

«Нөсерлі жауынмен бірге келген дауылды жел үш корпустың шатырын көкке ұшырды. Бұл уақытта балалар ғимараттың ішінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Барлық 150 баланы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Батыс өңірлік аэромобильдік шұғыл-құтқару жасағының» қызметкерлері қауіпсіз жерлерге эвакуациялады», – деп мәлім етті өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған