Жарнама
БілімЖаңалықтарҚоғам

Қазақша білгім келеді!

Еліміздегі  бірегей  институт  Қазақстан  халқы Ассамблеясы  көп ұлтты еліміздегі түрлі  ұлттар мен  ұлыстардың  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сақтап, әрі қарай дамытумен қатар, мемлекеттік тілдің аясын жетілдіре түсуге де өзіндік үлес қосып келеді. Мәселен, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің  ұйымдастыруымен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап мемлекеттік тілді оқыту курсы қолға алынды.

1420822044_83043fc3ecad8320ba5c287fea6f6697

Егемендік алғаннан бері тіл тазалығына ерекше көңіл бөлініп, ана тіліміздің мәртебесін көтеру жолында ауқымды  істер атқарылды. Өзге  ұлт  өкілдерінің  арасында қазақ тіліне деген құрмет артып, мемлекеттік тілді дамыту ісі жолға қойылды. Бүгінде аталған курсқа 22 тіл үйренуші қатысып жүр. Солардың бірі, «Светоч» этномәдени бірлестігінің мүшесі, қазақ отбасының келіні Алена Инговатова мемлекеттік тілді меңгеруге  ынталы болғандығын айтады. «Мен Мәскеу қаласында дүниеге келдім. Бүгінде салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыпты берік ұстанған қазақ отбасының келінімін. Жолдасым инженер, ал, өзім жеке кәсіпкермін. Қазақстанда  өмір сүргендіктен, осы елдің азаматы болғандықтан, қазақ тілін жетік меңгеруге бел будым» дейді ол.

Мәлике  МӘЛІК.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button