ЖаңалықтарЭкономика
Азғыр өңірінің тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді
Атырау облысында 34 елді-мекен газ жүйелеріне мұқтаж. Қазіргі таңда облыста газдандыру мәселесіне жіті назар аударылып, ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асан Нұрғалиевтің мәліметінше, жоба мемлекет басшысының шекара аумағындағы ауылдарды дамытуға арналған тапсырмасына сәйкес керер жылы іске аспақ.
— Магистральды газ құбырын жүргізу аясында Қошалақ, Асан, Ұштаған, Азғыр, Сүйіндік, Балқұдық, Қоңыртерек, Батырбек, Жалғызапан елді-мекендері де көгілдір отынмен қамтылады. Жоба іске асқанда, облыстағы елді-мекен тұрғындарын газбен жабдықтау мәселесі 99% орындалатын болады, — дейді А.Нұрғалиев.
Нұрбейбіт Нұғыманов
ATPress.kz сайтынан