АУЫЛДАҒЫ ШАРУА АҚСАМАУЫ ТИІС

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалығымен селекторлық кеңес өтті.
Кеңесте негізінен ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер қаралды. Осы сала бойынша 2013 жылдың қорытындылары жарияланып, азық-түлік қорын жасақтау мен бағаны тұрақтандыру жағына баса назар аударылды. Бұдан бөлек, еліміз бойынша қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарламасының аймақта және жекелеген өңірлерде жүзеге асырылуы, агроөнеркәсіп кешенінде тауар өндірумен шұғылданатын шаруашылық құрылымдарының қаржылай шығындарын өтеу мақсатында мемлекет тарапынан қаралған субсидиялардың қайтарымы, несиеге берілген қаражаттардың игерілу жайына көңіл бөлінді.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сырым Рысқалиевтың хабарламасы тыңдалды. Кеңесті таразылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Ислямұлы алдағы сан салалы міндеттерді атап көрсетті.

Дәулетқали АРУЕВ.

Кеңес туралы толық материал газетіміздің
келесі санында жарияланады.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз