
ЖаңалықтарЭкономика
Азғырға газ келеді!
Қазіргі таңда Атырау облысының ауылдық елдімекендерінің 79,2%-ы толықтай газдандыру жүйесімен қамтылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың есеп беру жиналысында белгілі болды.
Айта кету керек, өткен жылы ұзындығы 110 шақырым болатын апатты жағдайдағы «Индер-Махамбет» магистралды газ құбыры толықтай ауыстырылды. Енді Құрманғазы ауданындағы Азғыр өңірінің елді мекендеріне де «көгілдір отын» тартылатын кез алыс емес. «Азғыр өңірінің 10 елдімекеніндегі газ құбыры желісінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Сондай-ақ, Қызылқоға және Исатай аудандарының шағын елді мекендерін газдандыру жоспарланып отыр» деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.