Аз қамтылған отбасына – АРЗАН ҚЫЗМЕТ
— Бұған дейінгі келісім бойынша бес жүзден астам аз қамтылған жанұя коммуналдық қызмет ақысын осыдан бес жыл бұрынғы тарифпен төлеп келген болатын. Яғни, үстеме ақысын компания өз есебінен өтейтін. Енді биылдан бастап ағымдағы тарифтен 40 пайызға жеңілдік жасауға келісімге келдік, — деді Сәлімжан Жұмашұлы.
Мекеме басшылығына әлеуметтік осал топтардың жағдайын түсініп, қамқорлық көрсетіп отырғандары үшін алғысын білдірген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Клара Мұқашкереева Елбасының тапсырмасымен бұл бағытта өңірде жасалынып жатқан оңды істерге тоқталды. Аталған басқарманың бөлім басшысы Балдай Өтеғалиеваның айтуынша, 565 аз қамтылған жанұяға атаулы көмек төленсе, коммуналдық қызмет ақысын өтеуге 755 отбасына тұрғын үй көмегі берілген.
Айбөпе САБЫРОВА,
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.