Жаңалықтар
АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР МАМЫР АЙЫНАН БАСТАП БЕРІЛЕДІ
Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Елімізде аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамту бағдарламасы мамыр айынан басталады.
Бұл туралы бүгін Атырауға жұмыс сапары аясында Құрманғазы мәдениет үйінде өтіп жатқан жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді.
«2025 жылға дейін 40 мың пәтер беріледі. Еліміздің әр өңірінде аз қамтылған отбасыларға жалдамалы пәтер мамыр айынан бастап беріледі» деп нақтылады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.