Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі талқыланды

  Atr.kz/25 қазан, 2019 жыл. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан құрылған республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері мен Агенттіктің өкілдері Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


Топ мүшесі Ырза Тұрсынзада мен Агенттік өкілі Арман Бердалин Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевпен кездесті. Кездесу барысында сапартоп мүшелері өңірдегі «Атырау – адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен, облыстың арнайы мониторинг тобымен, жалпы қоғаммен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында бірлесіп жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Өз кезегінде облыс әкімі Н.Ноғаев бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар тарапынан үнемі қолдау көрсетілетінін және басты назарда болатынын атап өтті.
Бұдан бөлек, сапартоп өкілдері өңіріміздеи «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне, Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, олардың жұмысымен танысты. 
Содан соң, арнайы топ өкілдері облыс активімен және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен, Махамбет ауданы тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді. Облыс тұрғындарының пікірлерін тыңдап, ұсыныстарын қабыл алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button