Айгүл – грант иесі
Бәрекелді!
«Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен жүзеге асып жатқан «Жарқыра» бағдарламасы бойынша үздік жоба иегерлері анықталды.
Аталмыш бағдарламаға қатысуға 72 жоба келіп түскен болатын. Жалпы грант қоры 18,6 млн. теңгені құрады. Солардың алтауы ғана жеңімпаз атанып, өз кәсібінің жемісін көруде. Грант иегерлерінің бірі – құлсарылық Айгүл Мақтаубаева. Ол ұсынылған қаржыға құрал-жабдықтар алып, әлеуметтік шаштараз ашуды жоспарлауда. Оның басты мақсаты – жұмыссыз қыз-келіншектерді және мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті аналарды арнайы курстарда оқытып, жұмысқа орналастыру.
— Жиырма жылдың үстінде шаштараз болып жұмыс істеп келемін. «Шарға» оқу орталығын ашып, ойымды жүзеге асырудамын. Ісін жаңадан бастағандар үшін бұл – үлкен көмек, — дейді ол.
Нұрислам ҒҰМАР
Жылыой ауданы.